Оңтүстік Қазақстан жасөспірімдер жүктілігінен алдыңғы орында тұр

Фотография - Оңтүстік Қазақстан жасөспірімдер жүктілігінен алдыңғы орында тұр

ҚР ДСӘДМ ерте жүктіліктің негізгі себебі ретінде зорлауды атады

901 0

Оңтүстік Қазақстан облысы жасөспірімдердің жүктілігінен алдыңғы орында, деп жазады Today.kz ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (ҚР ДСӘДМ) сілтеме жасай отырып. Ресми мәліметтер бойынша, 2014 жылы аймақта 15 пен 18 жас аралығында 1600 қыз бала босанған. Сол аралықта жасөспірім қыздар 208 жасанды түсік жасатқан.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысында да бұл көрсеткіш жоғары. 2014 жылы мұнда жасөспірімдер арасында 1274 бала туу мен 118 жасанды түсік жасалған. Жамбыл облысында төртін бір есеге төмен. Астанада осы уақыт аралығында жасөспірімдер арасында 101 бала туу мен 62 жасанды түсік жасалған. Алматы қаласында 206 жасөспірім босанып, 46 жасанды түсік жасатқан.

Жалпы Қазақстан бойынша, 2010-2014 жылдар аралығында 15-18 жастағы қыздар арсында 34 772 бала көтеру жағдайы тіркелген.

ҚР ДСӘДМ ерте жүктіліктің негізгі себебі ретінде зорлауды атады. Сонымен бірге, потологиялық мінез құлықты және психикалық аутқулары бар қыздар да жиі ерте жүкті болады. Сондай-ақ, ерте жүктілік жетім жасөспірімдер арасында жиі байқалады.

"Жасөспірім кезде жасанды түсік жасау есейе келе білінеді. Жасөспірімдер арасындағы жасанды түсіктен кейінгі қиыншылықтар репродуктивті жасқа келгендермен салыстырғанда 2-2,5 есе көп, ал ана өлімі 5-8 есе жоғары. Алғашқы жүктілік кезінде жасанды түсіктің ең ауыр зардбы – бедеулік, бұл түсік жасатқандардың 96 пайызында кездеседі", - дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медециналық жәрдем ұйымдастыру департаментінде.

Жасөспірімдер мен жастар үшін 150 шұғыл желісі жұмыс істейтіндігін айта кетейік.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!