Астана әкімдігі азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуін хабарлауды сұрады

Фотография - Астана әкімдігі азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуін хабарлауды сұрады

Астана әкімдігі негізсіз көтерілген бағаны қаланың Интеллектуалды байланыс орталығы операторының Фейсбуктегі парақшасына хабарлауды сұрайды

378 0

Астана әкімдігі негізсіз көтерілген бағаны Астана қаласының Интеллектуалды байланыс орталығы операторының Фейсбуктегі парақшасына хабарлауды сұрайды.  

"Құрметті елорда тұрғындары!

Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасы әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағаларына күн сайын мониторинг жүргізетіндігін хабарлаймыз. Жалпы алғанда азық-түлік базарында бағалардың күрт өсуі, оның ішінде сиыр мен жылқы етіне байқалмайды. Сиыр етінің орташа бағасы 1 150 теңге, ал жылқы еті 1400 теңге тұрады.

Бағалардың негізсіз көтерілуі жағдайында, "Astana 109" ресми парақшасына "Facebook" желісіне және "Instagram" желісіне #‎astana109 хэштегімен жолдауды өтінеміз.

Сондай-ақ "Smart Astana" мобильдік қосымшасына (Android платформасындағы "Play Market"-те бар) өз өтінішіңізді фотоматериалды қоса тіркеу арқылы жолдай аласыз ("Байланыс орталығы" бөлімінде), немесе 109 нөмірі арқылы бағаның көтерілу фактісі жайлы хабарлай аласыз", - делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!