Жоғарғы Сот: 2015 жылы ақталған азаматтар саны 55%-ға көп

Фотография - Жоғарғы Сот: 2015 жылы ақталған азаматтар саны 55%-ға көп

2014 жылы ақталған адамдардың саны 478 болса, 2015 жылы олардың саны 743-ке жетті.

422 0

Өткен жылы 2014 жылмен салыстырғанда сот ақтаған азаматтар саны 55 пайызға көп. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин айтты, деп хабарлайды BNews.kz.  

"2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда соттар қараған істер 10,4 пайызға артық. Жаңа заңнамалық база сот қорғау саласын кеңейтуге мүмкіндік берді. Өткен жылы 2014 жылмен салыстырғанда сот ақтаған азаматтар саны 55 пайызға көп. Егер 2014 жылы ақталған адамдардың саны 478 болса, 2015 жылы олардың саны 743-ке жетті. 9000 адам мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды, ал 5520 адамның жазасы жұмсағырақ жаза түріне ауыстырылды", - деді Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Оның хабарлауынша, 2015 жылы сот шешімімен бас бостандығынан айырылғандардың үлесі 25,5 пайызды құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 13 пайызға төмен.

"Осының нәтижесінде Қазақстан сотталғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 55 орынға тұрақтады. Елімізде 100 мың халыққа 233 сотталушы келеді", - деді ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!