Ақмола облыстық соты БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді

Фотография - Ақмола облыстық соты БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді

Судьялар мен журналистер брифингті қорытындылай келе облыстық медиа-орталықта жүйелі түрде кездесуге ұсыныс жасады

211 0

Ақмола облыстық сотының судьясы Сәуле Қияшева, ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ерғали Ізтаев және қылмыстық істер

жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Бауыржан Баймырзин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық Коммуникациялар

қызметінің (ОКҚ) Ақмола облысының медиа-орталығында өткізілген брифингке қатысты. Облыс судьялары БАҚ өкілдеріне "100 нақты қадам-Ұлт жоспарын"

орындау аясында сот жүйесін жетілдіру бойынша тапсырмалардың іске асырылуы жөнінде айтып берді.

Судья С.Қияшева "100 нақты қадам - Ұлт жоспарының" 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша сот жүйесімен үлкен

жұмыс атқарылды деп атап өтті. Сот жүйесі жаңартылған тәртіпте жұмыс істеуде. 2016 жылдың 1 қаңтарынан облыстық сот апелляциялық сот ретінде

өз қызметін іске асыруда. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу механизмі және судьяларға қойылатын талаптардың күшейтілгені жөнінде

судья толық айтып берді. Экономикалық соттың төрағасы Е.Ізтаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі жөнінде әңгімелеп берді. Қылмыстық істер бойынша сот төрағасы Б.Баймырзин қылмыстық заңнамадағы өзгерістер туралы айтты. Сот

төрағасы алқабилер сотын қолдану аясы кеңейтілгені, қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттарға соттылықтың бірқатар

құрамының берілгендігі, тергеу судьяларының өкілеттілігі кеңейтілгендігі және т.б. жөнінде айтып берді. Судьялар соттарда медиацияны қолдану және сот іс жүргізуінде ақпараттық электронды технологияларды енгізу жөнінде журналистердің сұрақтарына жауап берді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!