Төлешевтің отбасына тиесілі спорткар ОҚО ІІД тұрағына қойылды

Фотография - Төлешевтің отбасына тиесілі спорткар ОҚО ІІД тұрағына қойылды

Тұрақта спорткардан өзге бизнесменге тиесілі бірнеше көлік тұр

313 0


Тоқтар Төлешевтің отбасына тиесілі сары спорткар ОҚО ІІД тұрағына жеткізілді, деп жазады Today.kz. Отбасына тиесілі көліктердің барлығы полиция ведомствосының ауласында бизнесмен ұсталғаннан кейін пайда бола бастады.

Суреттерді пайдаланушылар Instagram парақшасына орналастырған. Суретте болжаммен Mitsubishi маркалы спорткардан өзге бірнеше қымбат жол талғамайтын көліктер тұрғаны байқалады. Көліктерді тұраққа жеткізу ақпанның бірі күні болған.

Айта кетейік, Шымкентте өткен арнайы операция барысында төрт адам ұсталды, соның ішінде Тоқтар Төлешев те бар. ҚР ІІД хабарлағандай тұрғылықты жері мен жұмыс орнын тінту кезінде қару мен есірткі заттары табылған.

Кейін Төлешев туралы өзге жайттар белгілі болды. Бизнестен өзге ол қоғамдық қызметпен белсенді айналысатыны анықталды. Сонымен бірге, Төлешев дін істері мен терроризмге қарсы тұру бойынша сарапшы екені де белгілі болды. Ал, 2015 жылы ол БАҚ бетінде Ресей-Тынық мұхиты аймағындағы Интерпол-орталығының комиссары деп аталған.

Атап өту керек, ұсталушының қарауында болған сыра зауытының қызметкерлері кәсіпорынның ары қарайғы тағдырына алаңдаулы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!