Маңғыстау облысында жетім балалар баспанамен қамтылып жатыр

Фотография - Маңғыстау облысында жетім балалар баспанамен қамтылып жатыр

2013-2015 жылдар аралығында 97 жетім балаға пәтер кілттері табыс етілген

475 0

Маңғыстау облысында жетім балаларды баспанамен қамтуға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында облыс әкімі Алик Айдарбаев айтты, деп жазды Baq.kz.

"Соңғы жылдары интернаттық мекемелердегі жетім балалардың саны азайды. Бұл қуантарлық жағдай. ​Мысалы, 2012 жылы 146 бала болса, 2015 жылы олардың саны 2 есеге азайып, 69 балаға жетті. ​Қазіргі таңда жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табуда", - дейді Маңғыстау облысының әкімі.

Оның баяндауынша, 2013-2015 жылдар аралығында 97 жетім балаға пәтер кілттері табыс етілген. ​2016 жылы да осы жұмыс жалғасын таппақ.

"Құны 740 млн теңгені құрайтын 70 балаға пәтер алып беру жоспарланған. Қалған балаларды пәтермен қамтамасыз ету 2017-2018 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", - деді А.Айдарбаев. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!