Ұлттық ұланның жас сарбаздары қоғамдық тәртіпті сақтауға шықты

Фотография - Ұлттық ұланның жас сарбаздары қоғамдық тәртіпті сақтауға шықты

Әскер қатарына шақырылған жас толықтырылым сарбаздары Алматы көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті сақтауға шығудың салтанатты іс-шара болып өтті

718 0

2015 жылғы 02 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінде 2015 жылғы желтоқсан айында әскер қатарына шақырылған жас толықтырылым сарбаздарын Алматы қаласы мен көшелеріндегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік қызметке енгізуге байланысты салтанатты іс-шара болып өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, жас жауынгерлер тебірене Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Мемлекеттік Туды көтеру құқығы осы әскери бөлімнің үздік сарбазы Бауыржан Қабдырахмановқа берілді.

Жауынгерлік қызметке алғаш түскелі отырған жалынды жас жауынгерлерді "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшылығының бірінші орынбасары – штаб бастығы генерал-майор Андрей Каскеленов құттықтап, барша жеке құрамға сәттілік тіледі.

Бұнымен қоса жас жауынгерлерді құттықтауға Алматы қаласы бойынша ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Геннадий Фалеев және 5571 әскери бөлімі Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Виктор Маколов арнайы келіп, өздерінің жылы лебіздерін арнады.

Аталмыш шарада жауынгерлік қызметтерін сәтті орындаған әскери қызметшілер «Бауыржан Момышұлы – батыр шапағаты» және «Жауынгерлік айбыны үшін» медальдарымен наградталды, ал жауынгерлік қызметке алғаш кіріскелі отырған сарбаздарға өздерінің командирлерімен дайындалған сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында әскери оркестр әуезімен жас сарбаздар өз беттерінше жауынгерлік қызмет атқаруға Алматы қаласы мен көшелерінің қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аттанды.