"Павлодарлифт" сатылымға шығарылады

Фотография - "Павлодарлифт" сатылымға шығарылады

"Павлодарлифт" қаладағы 800 жедел сатыға қызмет көрсетеді.

160 0

Жақын күндері "Павлодарлифт" ЖШС-і саудаға шығарылады. Кәсіпорын барлық өндірістік базаларымен, жылжитын, жылжымайтын мүлік активтерімен 642 миллион теңгеге бағаланып отыр. "Павлодарлифт" қаладағы 800 жедел сатыға қызмет көрсетеді. Бұл аймақтағы лифт шаруашылығымен айналысатын көне кәсіпорындардың бірі. Айлық ішкі кірісі шамамен 25 миллион теңгені құрайды. Сондықтан қалалық әкімдіктің қаржы бөлімі нысанның коммерциялық тартымдылығы жоғары деп санайды. Алғашқы сауда ақпан айының 5-іне белгіленген. Бәссауданың жеңімпазына қажетті соманы 18 ай ішінде бөліп төлейтін мүмкіндік қарастырылады. Жекешелендірудің екінші кезегі мемлекеттің қатысуымен отандық инвесторларға кәсіпорындарды 100% меншігіне өткізуге жағдай жасамақ. 

Виктор Ульянич, "Павлодарлифт" ЖШС директорының міндетін атқарушы: Біз жаңа инвесторлармен бірігіп, кәсіпорынның жұмысын дамытамыз деп ойлаймыз. Ешкім жұмыстан кетіп жатқан жоқ. Механиктер, шеберлер барлығы орнында. 20-30 жыл істеп келе жатқан еңбеккерлер жағдайды жақсы түсінеді. Осы өзгеріс арқылы 30 жыл бойы жұмыс істеп тұрған ескі лифттерді ауыстыруымыз мүмкін.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!