Военкаматтағылар жалғандықты анықтау детекторынан өтпек

Фотография - Военкаматтағылар жалғандықты анықтау детекторынан өтпек

ҚР ҚК қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органдардың әскери қызметшілері, шақыруға жауаптылар полиграф аппаратында тексеріледі.

149 0

Биылғы жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірінші жартыжылдықта қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органдардың әскери қызметшілері, шақыруға жауаптылар полиграф аппаратында тексерілетін болады деп хабарлайды республиканың қорғаныс министрлігің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, ол үшін арнайы кесте құрылады. Қазақстанның бірде-бір өңірі назардан тыс қалмайды.

"Бұл құқыққа қарсы іс-әрекеттің жүзеге аспауын алдын алады, сондай-ақ осы тұрғыда жасалған қылмысты әшкерелеуге септігін тигізеді",-деп түсіндіреді ведомство.

Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру үшін аудандарда жергілікті атқару органдарының шешімімен "Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес шақыру комиссиясы құрылады. Бүгінгі таңда шақыруды тиісті өңірдің әкімі орынбасарының басшылық етуімен тек қана шақыру комиссиясы жүзеге асырады. Комиссия құрамы тиісті өңірдің әкімімен тағайындалады. Оның құрамына денсаулық сақтау, ішкі істер, білім, қоғамдық ұйым, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кіреді. Әскери қызметшілер бір лауазымдық адам ретінде ұсынылған.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша аудандық шақыру комиссиясы шақырылушыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды. Атап айтқанда, әскери қызметке шақырылуға жатады, әскери қызметке шақырылудан кейінге қалдырылады, әскери қызметке шақырылудан босатылсын, әскери міндетті орындаудан босатылсын. Жергілікті әскери басқару органдары қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, басқармалар және департаменттер атынан ҚР Қарулы Күштерінің ажырамас бөлігі болып табылады және жұмылдыру әзірлігін ұстап тұру, мемлекеттің қазақстандық армиясы мен өзге де әлеуетті құрылымдарды жеке құраммен жасақтау тапсырмаларын шешеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!