Астаналық кәсіподақтар сайлаудың өткізілуін қолдайды

Фотография - Астаналық кәсіподақтар сайлаудың өткізілуін қолдайды

Кәсіподақтар Парламент Мәжілісі мен өңірлік маслихаттарға заң шығару қызметіне белсенді қатысатын лайықты кандидаттардың сайлануын құптайды.

209 0

Бүгін Астана қаласының баспасөз орталығында елордалық кәсіподақтық қозғалыстың белсенділері алдағы уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің және өңірлік маслихаттар сайлауының өтккізілуін қолдайтындарын жеткізді.

Кәсіподақ қызметкерлері кәсіподақ органдарының алдағы сайлауға қатысуын талқылады. Олар Парламент Мәжілісі мен өңірлік маслихаттарға заң шығару қызметіне белсенді қатысатын лайықты кандидаттардың сайлануын құптайды. Халық қалаулылары Бес институционалдық реформаны тиімді іске асыруға, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуы тиіс.

– Бүгін біз алдағы сайлауға деген көзқарасымызды жеткізу үшін жиналдық. Қазіргі кезде кәсіподақ активі сайлау комиссияларына қатысуда, алдағы уақытта, кезі жеткенде біздің белсенділер сенімді тұлғалар ретінде үгіт жұмыстарын жүргізетін болады. Біз кәсіподақ қызметкерлерін, кәсіподақ мүшелерін және сайлаушыларды заңнамамен қарастырылған барлық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз, – деді Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев.

Фото - Фото - Фото -

Кездесуге қатысушылар қазіргі экономикалық жағдайда әрбір жұмыскер жаңа техниканы игеруде, бәсекеге қабілетті өнім шығаруда барынша белсенділік танытуы керек екендігін атап өтті. Жер-жерлерде отандық тауар өндірушілерді қолдап, адам еңбегіне назар аударып, қамқорлық таныту қажет.

Кәсіподақтар азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде заңнама нормалары мен ережелері шегінде республикамыздың қоғамдық-саяси өміріне, кәсіптік одақтардың мүшелері мен жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қатысады.

Жиналыс қорытындысы бойыша кәсіподақ активінің жиналысына қатысушылар "Өз таңдауыңды жаса" үндеуін қабылдады.

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!