Балалар үйінің тәрбиеленушілері Профилэнд азаматтары ретінде жеке куәлік алды

Фотография - Балалар үйінің тәрбиеленушілері Профилэнд азаматтары ретінде жеке куәлік алды

фото: ©Нурлан Биимбетов

Іс-шара "Profiland" танымдық ойын-сауық орталығында №1 қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

1237 0

Халқымыз кашан да кайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Бұл қасиет оның болмысының ажырағысыз құрамдас бөлігі болса керек. Ата-бабалардың игі дәстүрін ұрпақтары жалғастырып келеді. Қазақта "Жетім көрсең жебей жүр", "Жетімнің көз жасы удан да ащы" деген сөздеріне қарамастан жетім мәселесі күрделеніп келе жатқаны жасырын емес. Сол себепті жастардың бойында қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеп, тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға қол ұшын созып, қандай да бір жақсылық жасау артық етпейді. Бүгінгі Алматы қаласының Домиллион кешенінде орналасқан "Profiland" танымдық ойын-сауық орталығында "Болашақ" қауымдастығының ұйымдастыруымен  "Мейірімділік шуағы" қайырымдылық жобасының тұсаукесері өтті. Осы жоба аясындағы бірінші іс-шара "Profiland" танымдық ойын-сауық орталығында №1 қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар 30 түрлі мамандықтарды игерді. Жас тұрғындар Профилэнд азаматтары ретінде жеке куәлік алды, жергілікті "валютаны" қолданды және аниматор мамандардың нұсқауымен ойын ойнап, көп нәрсені үйренді, тәжірибе жасау арқылы өздерінің қандай да бір мамандыққа бейімділігін байқады, сүйіп таңдаған мамандықтары арқылы қабілеттерін ұштап, "ақша" тапты.

Фото - фото: ©Нурлан БиимбетовФото - фото: ©Нурлан БиимбетовФото - фото: ©Нурлан БиимбетовФото - фото: ©Нурлан БиимбетовФото - фото: ©Нурлан БиимбетовФото - фото: ©Нурлан Биимбетов

"Болашақ" қауымдастығы бұл - "Болашақ" бағдарламасы стипендианттарының алған тәжірибиелері мен мүмкіндіктерін біріктіре отырып, елдің тұрақты дамуына үлес қосу мақсатын көздейтін коммерциялық емес ұйым. Жылына шамамен 10-12 қайырымдылық іс-шараларды өткіземіз.  Жобаны әрдайым стипендианттар мен белсенді жастар қолдап отырады",- дейді Алматы қаласы бойынша "Болашақ" қауымдастығының директоры Қымбат Бейсекина.Фото -

Сабақтар қаланың шеберханаларында – бір қабатты түрлі-түсті шағын үйлерде өтті. Сондай-ақ, қала аумағында баспасөз орталығы, наубайхана, эко-бекет, ТЖМ, банк, полиция бөлімшесі, TV-орталық, почта, сұлулық салоны, дүкендер және т.б. бар.

Мамандықты игеру бойынша шеберлік сабағы 40 минутқа созылды. Ұстаз-аниматорлар балаларға әр мамандық туралы айтып, тапсырмалар беріп отырды.

Мысалы, радио жүргізушілер тікелей эфирде байланысқа шықты, журналистер сұхбаттар алды, тәртіп сақшылары қылмыскерлерді ұстаса, пошташылар конверттерді толтырып, сәлем-сауқаттар жіберіп отырды.

Фото - фото: ©Нурлан БиимбетовФото - фото: ©Нурлан БиимбетовФото - фото: ©Нурлан БиимбетовФото - фото: ©Нурлан БиимбетовФото - фото: ©Нурлан БиимбетовФото - фото: ©Нурлан Биимбетов

Іс-шара "Болашақ" қауымдастығының ұйымдастыруымен балаларға арналған интерактивті мамандықтар қалашығы, "Marwin" компаниясы және "Gippo" жедел тағамдар желісінің қолдауымен өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!