СҚО-да қар тоқтату жұмыстары жүргізілуде

Фотография - СҚО-да қар тоқтату жұмыстары жүргізілуде

Шаруалар егіс алқаптарына шығып, қар тоқтатуға кірісті. Ақ ұлпа жазық жерлерде жеткіліксіз екен.

143 0

Солтүстік Қазақстан облысында қар тоқтату жұмыстары қарқын алды. 

Тегеурінді техникалар егіс алқаптарына шығып, қара жерді қолдан ылғалдандырып жатыр. "Бұл әдіс астық шығымдылығын арттыруға мүмкіндік береді", - дейді шаруалар. 

Көктем егін егіп, жаз өсіріп, күз жинайтын диқандар үшін қысқы қарбалас басталды. Шаруалар егіс алқаптарына шығып, қар тоқтатуға кірісті. Ақ ұлпа жазық жерлерде жеткіліксіз екен. 

Қазір қардың қалыңдығы 30-ақ сантиметр. Сондықтан шаруалар арнайы техникалармен жазық жерлерді осылай аршып қояды. Бұл жолдарды ақпанның ақтүтек борандары толтырып, қар қалыңдай түседі. 

Қалың қар көктемнің күн сәулесіне еріп, жерге сіңіп кетеді. "Бұл жердің құнарлылығын арттырып, астық шығымдылығына оң әсер етеді", - дейді шаруалар. 

Сергей Каверин, бригадир:

 - Бидайдың түсімі 2 центнерге, ал жем-шөптің түсімі 10 центнерге дейін артады. Сондықтан қар тоқтатудың пайдасы орасан зор. Николай Ионовтың шаруашылығы егін егіп қана қоймай, асылтұқымды мал өсіреді. Бүгінде мұнда 1 литр сүтті, 500 етті ірі қара бар. Серіктестік жылына 800 мың тонна сүт сауып, етін де сатады. Әр ісі үшін субсидия алады. 

Николай Ионов, серіктестік директоры:

 - Сүт фермасына құбыр тарттық. Трактор сатып алдық. Шығынның тең жартысын мемлекет төледі. Сүттің әр литріне субсидия аламыз. Малды асылдандыру бойынша да осындай жеңілдіктер жасалған. Олардың жем-шөбіне де демеуқаржы бөлінеді.

Петровка ауылы тас жолдың бойында орналасқан. Елді мекенге осы жылы Петропавл қаласынан 3 отбасы көшіп келген. Олардың барлығын шаруашылық қарсы алды.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!