Денсаулық сақтау мәселелері ерекше бақылауда

Фотография - Денсаулық сақтау мәселелері ерекше бақылауда

Бүгін қаланың санитарлық жағдайы, денсаулық сақтау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

268 0

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өтетін елорда әкімдігінің аппарат отырысында апта сайын қаланың тыныс-тіршілігінің өзекті мәселелері талқыланады. Бүгін қаланың санитарлық жағдайы, денсаулық сақтау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Биыл Астанада Жіті респираторлық вирусты инфекцияға шалдығу жағдайы өткен маусымға қарағанда 16% төмен болып, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланғанымен, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар толық дәрежеде жүргізілуде, әсіресе денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында.
Астанада ЖРВИ мен тұмауға шалдыққандардың басым бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Жұқпалы аурулар стационарларында ЖРВИ диагнозымен 304 науқас емделіп жатыр. Қараша айынан бері тұмаумен аурудың 141 жағдайы тіркелді, науқастардың барлығы сауығып шықты. Жағдай бақылауға алынды. Тиісті басқармаларға эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту мақсатында тұмаудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

"Ең алдымен азаматтардың денсаулығын қорғауымыз керек. Өткен жылмен салыстырғанда тұмауға шалдығу жағдайларының биылғы көрсеткіштері төмен деп қол қусырып отыруға болмайды. Барлық алдын алу іс-шараларын толық дәрежеде және халықты барынша қамтып жүргізу қажет", - деді Ә. Жақсыбеков.

Бүгінде Жедел медициналық жәрдемнің жедел жету мәселесі де өзекті болып отыр. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов ұсынған ақпарат бойынша шақыруларға жеделділіктің белгіленген алты санаты бойынша қызмет көрсетіледі. Жай күндері 1200-1500 шақыру келіп түседі, ал "вирусты" инфекцияларға шалдығу жағдайларының маусымық көбеюіне орай жедел жәрдем қызметіне түсетін жүктеме 3 есеге артып отыр. Қазіргі кезде Астанада 92 "жедел жәрдем" көлігі бар, ү.ж. наурыз айының ортасында Жедел медициналық жәрдемді жаңғырту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында қосымша 42 машина сатып алынады. Е. Байжүнісовтың айтуынша, бұл мәселені шешуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, күн тәртібіне қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесі де шығарылды. Бұл ретте жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алуға ерекше назар аударылды. Осыған байланысты құқық қорғау органдары мен білім басқармасының бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығы атап өтілді.

Бұдан басқа, отырыста әкімшілік айыппұлдар төлеу мәселесі де көтерілді. Жергілікті полицияға жеке меншікті сот орындаушыларымен өзара іс-қимылды жолға қою тапсырылды.
"Жүргізуші айыппұл төлемегені үшін де, бұзушылық жасағаны үшін де жазаға тартылатынын түсінуі керек. Сонда ғана жолдарда тәртіп болады", - деді қала басшысы.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік мекемелерге бұған дейін берілген тапсырмалар бойынша тексеру жүргізу және атқарушылық тәртіп орнату тапсырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!