Жамалиевтің көлігі голландтық әдіс бойынша саудаға түсуі мүмкін

Фотография - Жамалиевтің көлігі голландтық әдіс бойынша саудаға түсуі мүмкін

Жамалиевтің 47 миллион теңгеге аукционға қойылған көлігінің саудалануына әйелі шектеу қойды

146 0

Қайрат Жамалиевтің Lamborghini әлі сатылған жоқ. Әліби Жұмағұловты ұрғаны үшін 13 жылға сотталған экс-бизнесменнің қымбат көлігі әзірге мемлекеттік мекеменің авто тұрағында тұр деп хабарлайды 31 арна.
Көпті елеңдеткен Lamborghini Gallardo көлігі 7 тамыздағы сот үкіміне сәйкес тәркіленген мүлік ретінде 29 қазаннан бері тұрақта тұр. Мемлекет меншігіне алынған темір тұлпар 47 миллион теңгеге бағаланып отыр. Әуел баста бәссауда 5 ақпанға белгіленген болатын.
Алайда, жоспарланған күні қымбат көлік сатылмады. Бұған қалалық әділет басқармасының 26 қаңтардағы хаты кедергі болыпты. Нақтырақ айтсақ, Lamborghini қожайыны Жамалиевтің жұбайы темір тұлпардың саудалануына шектеу қойған.
"Аталған автокөлікке әйелінің өзінің үлесін бөлу туралы талап арызының негізінде, Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 223-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес Астана қаласының Алматы аудандық сотына талап арыз берілген. Сол себепті бұл көлікті саудалау белгісіз бір уақытқа тоқтатылып отыр", - дейді Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы Серік Қабдуалиев.
2013 жылы шығарылған, көлемі 5,2 спорттық көлік жарты бағасына сатылып жатса да, қызығушылық танытқандар аз екен. Қосымша бөлшектерінің өзі қымбат, әрі арнайы тапсырыспен әкелінетін мұндай сән-салтанатты кез-келгеннің қалтасы көтермесі анық. Дегенмен, басқа себебі де болуы мүмкін.
"Өтпеген жағдайда жекелей негізде түскен мүлікті пайдалану, ары қарай пайдалану мәселелері бойынша комиссияның шешімі арқылы қайтадан ағылшын саудасына салынуы мүмкін. Немесе голландтық әдіс бойынша саудаға түсуі мүмкін", - дейді Серік Қабдуалиев.
Әдетте, тәркіленген көліктер мемлекеттік мекемелерге таратылатын көрінеді. Ал мынадай спорттық темір тұлпар бірінші рет саудаға қойылып отыр екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!