Екібастұзда құрылысы бітпеген кешен қараусыз қалды

Фотография - Екібастұзда құрылысы бітпеген кешен қараусыз қалды

Білім беру мекемесі 2010 жылдың соңында аяқталуға тиіс болған.

273 0

 Екібастұздағы құрылысы 2009 жылдың қазан айында басталған техникалық және кәсіптік мамандар даярлау жөніндегі өңіраралық орталыққа республика бюджетінен 4,5 млрд. теңге бөлінген-ді. Алайда, жеті жылға жуықтаған құрылыс әлі аяқталмай келеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Аталған орталыққа тапсырыс беруші – Білім және ғылым министрлігі. Жоспар бойынша кешеннің құрылысы 17 айда біту керек болатын. Яғни, білім беру мекемесі 2010 жылдың соңында аяқталуға тиіс-ті. Дегенмен, Екібастұздағы алып орталықтың құрылысы күні бүгінге дейін толық бітпей келеді.

09-02-2016-Keshen 3

Орта жолда тоқтап қалған ғимараттың төменгі қабаттары суға толып кеткен. Жоба бойынша орталық 14 бөліктен, яғни, 14 жеке ғимараттан тұрады. Әрқайсысы 240 орындық екі жатақхана, 100 орынды қонақ үй, спорт ғимараты, әкімшілік корпусы, 3 оқу ғимараты, 2 шеберханасы бар. Алдын ала жоспарда 700 оқушы білім алуы тиіс.

Мамандар өңірлік даму министрлігінің шешімімен құрылыс жұмыстары тоқтатылғанын айтты. Қазір ол жерде күзетшілер ғана жүр. Ешкім еңбек ақы төлемейді, күзетшілер кешенді тастап кетпекші.

"Жалпы, миллиардтаған қаржыны далаға ұшырып, орталық салудың қандай қажеттілігі бар  болды?" – дейді екібастұздықтар.

09-02-2016-Keshen 2



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!