Голланд раушандары Екібастұзда өсіріле бастайды

Фотография - Голланд раушандары Екібастұзда өсіріле бастайды

Бес гектарда жылына 7 миллион дана гүл өсетін болады.

204 0

Бірнеше күннен кейін голланд раушандарын өсіретін жылыжай ресми түрде ашылады. Бес гектарда жылына 7 миллион дана гүл өсетін болады.

Екібастұзда жақында голланд раушандарын өсіретін жылыжай ашылады деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі  Қанат Бозымбаев.

"Бірнеше күннен кейін голланд раушандарын өсіретін жылыжай ресми түрде ашылады. Бес гектарда жылына 7 миллион дана гүл өсетін болады. Жылыжай Екібастұз МАЭС-2 қасында орналасқан, қоршаған ортаға жіберілетін барлық артық жылу энергиясы  ендігі жерде осы жылыжайда пайдаланылатын болады және үлкен пайдаға жұмсалады", — деді Бозымбаев сейсенбіде баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, алғашқы гүлдер шамамен бір аптадан соң кесіп алынады.

"Барлық журналистерді қатал Екібастұз қаласына гүл жылыжайы секілді жағымды нысанның ашылуына шақырамын", — деп қосты әкім.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!