Ескертуді елемей боранда жолға шыққандар жауапқа тартылуы мүмкін

Фотография - Ескертуді елемей боранда жолға шыққандар жауапқа тартылуы мүмкін

Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко осылай деп мәлімдеді.

192 0

Қар құрсауында қалғандарды құтқару үшін қажет жағдайда жолаушылар пойызы тоқтатылуы мүмкін. Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко осылай деп мәлімдеді. Бір ғана Қарағанды облысының өзінде боранда қалып қойған 350-ден астам адам темір жол арқылы қауіпсіз жерге көшірілген. Енді қатаң ескертуге қарамастан, жолға шыққан жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін. Бұл мәселе Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланды.
Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Қазір жолға шыға салып айыппұл салмайтынымыз белгілі. Дегенмен ескертуге құлақ аспай, жолаушылардың өмірін қауіп-қатерге тіккен жүргізушілерді жауапкершілкке тарту керек. Биыл боранды күні мың жарымға жуық көлік пен 4 мыңнан астам адам қар құрсауынан құтқарылған. Оның 200-ден астамы – балалар. Діттеген жеріне жете алмаған көлік жүргізушілерінің арасында жаз дөңгелектерін ауыстырмай, жолға шығып кеткендері де кезіккен.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!