Қостанайда үшінші инсульт орталығы жұмыс істей бастады

Фотография - Қостанайда үшінші инсульт орталығы жұмыс істей бастады

Қостанай қалалық ауруханасындағы инсульт орталығының өзіне де компьютерлік томография алынады.

184 0

Қостанай қалалық ауруханасында ақпан айының басынан бастап инсульт орталығы жұмыс істей бастады. Бұл облыстағы осындай үшінші орталық болып есептеледі. Бұл туралы ng.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Облыста үш осындай орталық болса да, адамдардың осы ауыр науқасқа шалдығуы азайған да, өзгерген де жоқ. Осыған орай журналистер сауалына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орал Бекмұхамбетов қалалық аурухана жанынан инсульт орталығының ашылуы осы ауруға шалдыққан науқастарды қалалық ауруханаға бағыттау ғана екенін түсіндірді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орал Бекмағамбетов: "Инсульт орталығында ең бастысы заманауи жабдықтар болуы тиіс. Кезінде алғашқы инсульт орталығы неге облыстық ауруханадан ашылды дейсіз? Өйткені онда ангиограф, компьютерлік және магниттік-резонанстық томографтар болды. Қостанай қаласында инсультпен ауырғандардың 60 пайызын сонда жіберетінбіз. Ал облыстық аурухана аудандардан келген ауыр науқастарды емдеуге бағытталған. Сондықтан Қостанай қалалық ауруханасы өз пациенттерін жоғары технологиялық тексеруге компьютерлік томографы бар жекеменшік медицина мекемелерімен келісім жасау үшін облыстық аурухана бюджетінен 105 миллион теңгені алып отырмыз", – деді.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл жыл аяғына дейін Қостанай қалалық ауруханасындағы инсульт орталығының өзіне де компьютерлік томография алынады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!