ОҚО-да мектеп оқушысы шегара бұзушыларды ұстауға көмектескен

Фотография - ОҚО-да мектеп оқушысы шегара бұзушыларды ұстауға көмектескен

Балақай шегара бұзушыларды көріп, шегарашыларға ескерткен

318 0

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстан азаматтарының шегараны заңсыз кесіп өтуін мектеп оқушысы тоқтатқан. Балақай күдікті адамдардың шегарадан өтіп жатқанын көріп, шегарашыларға ескерткен. Осының арқасында шегарашылар оқиға орнына уақытында келіп жеткен, деп жазады Today.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызсметіне сілтеме жасай отырып.

"Сарыағаштағы "Достық" шегара бекетінің отряды Қазақстан аумағына жаяу өткен екі өзбекстандықты ұстады. Оларды ұстауға Ынтымақ ауылының С. Айни атындағы орта мектептің алтыншы сынып оқушысы Мұстафа Әбдікәрімов белсенді көмек көрсетті", - деп хабарлады ведомстводан.

Шегарашылар оқушыны қырағылы үшін марапаттады. Марапаттау мектеп қабырғасында болды. Шегара бөлімінің жетекшілігі мектеп директоры, сынып жетекшісі мен кішкентай қаһарманның өзіне де алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, бұл жергілікті тұрғындардың шегарашыларға көмек көрсетуінің алғашқы оқиғасы емес. Былтырғы жылы жетінші және бесінші сынып оқушылары "Қапланбек" заставасында шегара бұзушыларды ұстауға көмектескен.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!