Алматылық әйел тоқалымен қалған ерінен сот арқылы баласын қайтарып алды

Фотография - Алматылық әйел тоқалымен қалған ерінен сот арқылы баласын қайтарып алды

Ол бұған аппеляциялық сот арқылы ғана жетті

369 0

24 жасар алматылық Сарвиноз Фазылова күйеуін тоқалмен бөлісуден бас тартып, балаларды тәрбиелеу құқығын жеңіп шықты, деп жазады Today.kz  "Время" газетіне сілтеме жасай отырып.

Әйел адам күйеуі үйіне тоқал ертіп келген кезде одан кетіп қалған. Ол кезде сот балалрды – ұл баланы әкесіне Ақтауға жіберіп, қыз баланы анасымен Алматыда қалтыру шешімін шығарған болатын. Сарвиноз Фазылова сот шешімін қайта қарастыруға арыз берген.

Басылымның жазуынша, әйелдің күйеуі Азамат Габдуллин дінге бет бұрып, мұсылмандық бойынша үйіне жас әйел алып келген. Біраз уақыт екі әйел мен бір ер адамнан құралған отбасы бірге тұрады, дегенмен, Сарвиноз бұлай жалғасу мүмкін еместігін түсінген. Таңғысын ол қызын алып, ауруханаға кеткен кезде, тоқал ұл баланы тыңдамағаны үшін дәретханаға қамап тастаған жағдай болған.

Нәтижесінде ажырасқаннан кейін әйел балаларын алып, Ақтаудан кетіп қалған. Ал былтырғы жылы күйеуінің әкесі Ермек Ғабдулин Алматыға келіп, немересімен бола тұруын сұрап, қайтарып алып келетіні туралы қолхат та жазып, баланы алған соң сол күйі оралмаған. Әйел адам сотқа шағымданған, дегенмен сот әкесін қолдайды.

Біраз уақыт өте әйел адам балаларды тәрбиелеу құқығын қайтара алды. Анасының позициясын әйелдің өмір сүру деңгейін ескере отырып, прокурорларда қолдаған. Осылайша алғашқы сот шешімі күшін жоғалтып, бала анасына қайтарылды.

"Мен бақыттан жылап тұрмын, - дейді Сарвиноз Фазылова. Шынымды айтайын сот әділ шешім шығаратынына сенімді болғам, дегенмен, бұл ұзаққа созылып кетті. Ұлымды былтырғы жаздан бері көрмедім. Қолыма шешімді бере салысымен Ақтауға баламның артынан барамын".



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!