Еліміздің ең қарт кісісі 120 жасқа толды

Фотография - Еліміздің ең қарт кісісі 120 жасқа толды

Бүгінде 15 немере, 33 шөбере, 30 шөпшек және 3 немене сүйіп отырған кейуананың ойы анық, денсаулығы бір қалыпты.

357 0

Ең қарт әжей төлебилік Фатима Хайранова 1 қаңтар күні 120 жасқа толды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарт ана Көксәйек совхозында көп жылдар бойы жұмысшы болып еңбек етіп, сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде 15 немере, 33 шөбере, 30 шөпшек және 3 немене сүйіп отырған кейуананың ойы анық, денсаулығы бір қалыпты. Осындай ұзақ ғұмыр кешіп отырған қарияларымыздың бірі 119 жастағы қарт кісі көршілес Тараз қаласында тұрады. Ал басқа аймақтардағы ұзақ өмір сүруші қариялардың ең үлкені 114-те екен.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында жасы 100-ден асқан 84 қарт кісі өмір сүреді. 2011-2015 жылдар аралығында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүйелі жүзеге асырылуының нәтижесінде, облыста өмір сүру ұзақтығы соңғы бес жылдықта 69,5-тен 71,79-ға дейін өсті.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!