Астананың тұрғын үй қорында 35 мыңнан астам тұрғын үй бар

Фотография - Астананың тұрғын үй қорында 35 мыңнан астам тұрғын үй бар

Елорданың тұрғын үй қоры 35 541 үйден, соның ішінде 2352 көппәтерлі тұрғын үй қорынан тұрады.

286 0

Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың қатысуымен "2015-2016 ж.ж. жылыту маусымының өту барысы және энергия көздерінің даму болашағы туралы" тақырыбында өткен брифинг барысында қаланың тұрғын үй қоры талқыланды.

Елорданың тұрғын үй қоры 35 541 үйден, соның ішінде 2352 көппәтерлі тұрғын үй қорынан тұрады. Көппәтерлі тұрғын үй қорына 472 пайдаланушы ұйым қызмет көрсетеді. Тұрғын үй қорындағы 5329 бірлік лифтке 47 салалық ұйым қызмет көрсетеді.

Фото -

2015-16 жылы жылыту маусымына дайындық аясында қызмет көрсетуші ұйымдар күшімен келесі жұмыстар атқарылды:

Жалпы ауданы 26,8 мың м² құрайтын 310 тұрғын үйдің шатыры жөнделді; 318 тұрғын үйдің 57 кіреберісі, 4 лифті жөнделді; 461 тұрғын үйдің ұзындығы 9800 п.м. болатын жылу желісі, 352 тұрғын үйдің ұзындығы 13 600 п.м. болатын су және кәріз желісі, 414 тұрғын үйдің ұзындығы 8200 п.м. болатын электр желілері мен 774 электр тұстамасы қайта жөнделді

Айта кетейік, елбасының тапсырмасына сәйкес елордада 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өткен жылы 43 тұрғын үйге күрделі жөндеу, 18 үйге ағымдағы жөндеу жүргізілді, 14 үйде 26 лифт ауыстырылды.  Қайтарымды қаржы есебінен 5 тұрғын үйдің шатыры, 17 тұрғын үйдегі 31 жолаушылар лифті ауыстырылды. Тұрғын үйлерді жөндеуге қайтарымды қаржыны пайдалану бойынша Астана басқа аймақтардан көш ілгері.

astana.gov.kz 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!