Өскеменде теңдесі жоқ теңгелер көрмесі өтті

Фотография - Өскеменде теңдесі жоқ теңгелер көрмесі өтті

Теңге сарайының "Космос" сериясы бойынша шығарған топтамасы бірден көпшіліктің көзіне түсіп, ерекше әсер қалдырды.

288 0

Өскеменде еліміздің тарихи маңызды оқиғаларына арналған монеталар көрмесі өтті. 

Олардың арасында Ұлттық валютамыздың 20 жылдығына, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының 10 жылдығы құрметіне құйылған теңгелерді көруге болады. Әсіресе Теңге сарайының "Космос" сериясы бойынша шығарған топтамасы бірден көпшіліктің көзіне түсіп, ерекше әсер қалдырды. Бұл монеталарда күміс пен танталдың қоспасы бар. Сондықтан да техникалық жағынан аса күрделі болып саналады дейді мамандар. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанның Теңге сарайы маңызды даталарға және танымал тұлғалардың мерейтойына, спорттық сайыстарға арналған алуан түрлі мыңдаған теңгелер жасап шығарды. Бұл көрмеге солардың тек бір бөлігі ғана қойылған.

 Бақтылы Рахымбаева, қала тұрғыны:

 - Мен бірінші рет Теңге сарайының өнімдерін өз көзіммен көріп отырмын. Депутаттар мен елімізге еңбегі сіңген қайраткерлердің төс белгілері де осы жерде жасалады екен. Коллекциялық теңгелердің өте құнды екені көрініп-ақ тұр. Маған әсіресе дизайнерлік безендірілу қатты ұнады.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!