Қазақстанда бір аптада 1000 долларлық тапсырмалар саны көбейген

Фотография - Қазақстанда бір аптада 1000 долларлық тапсырмалар саны көбейген

Ән айту, есеп шығару үшін қойылған ақы былай тұрсын, Отандық БАҚ өкілі Баян Есентаеваның өзіне бәйге жариялады.

1051 0

Осыдан бір апта бұрын Баян Есентаева Инстаграм желісіндегі парақшасына түсініксіз тілде ән орындап тұрған бүлдіршіннің видеосын жариялап, осы баланың әнін айнытпай салған адамға 1000 доллар беретінін мәлімдеген болатын. Әннің сөздері, ырғағы, әуені, осы балақайдың айтқанынан айнымауы керек. Видеоларды #спойточьвточь хэштегімен жариялауды ұсынды. Дегенмен, продюсер 1000 доллар ескі бағаммен берілетінін айта кеткен болатын.

Еліміздің бірінші математигі Академик Асқар Жұмаділдаев "Алгоритм" журналына берген сұхбатында осы сияқты байқау жариялады.

Академик Асқар Жұмаділдаев математиканы шемішкеше шағатын бала­ларға теңдеу жасырып отыр. Атап айтқанда, ғалым х!+1=y2 деген теңеу жасырып, осы теңдеудің бүтін шешімдерін табу керек дейді. Ғалымның өзі есептің: х=4, y=5, x! =24. 24+1=25 және x=5, y=11, 5!+1=120+1=121 деген екі шешімін айтып берген.

"Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға 1000 $ сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сый­лық болар еді", - дейді академик.

Ендігі кезек, эстафетаны жалғастырушы qamshy.kz ақпараттық порталы моңғол баланың айтқан әнін айнытпай қайталап айтуды Баянның өзіне ұсынады. Егер танымал продюсер аталған әнді дыбыстық, мағыналық сипатын сақтап, айнытпай айтып шықса, портал ұжымы Баян Есентаеваға жаңа бағаммен (370 теңге) 1000 АҚШ долларын сыйға тартатынын ресми түрде хабарлайды. Ол үшін Баян ханымға бар болғаны "Қамшы" порталы жариялаған "арнайы бәйге үшін" деп аталған әнді орындап берсе жеткілікті.


Тегтер:

1000 доллар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!