Қыздар университетінде Иран күндері өтті

Фотография - Қыздар университетінде Иран күндері өтті

Мәдени іс-шара барысында Ираннан келген "Жвана" халық аспаптар тобының шағын музыкалық концерті өтті.

224 0

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Иранның ұлттық өнер және дәстүрлі музыка күні аясында Иран мәдениет күні өтті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметіне хабарлайды.

Шараға Иран Ислам Республикасының бас консулы Амир Реза Дарабиан, мәдени өкілдіктің Алматы қаласындағы жауапты басшысы Маджид Камрани, ирандық профессорлар және қыздар университетінің басшылығы мен оқытушылары қатысты.

Мәдени іс-шара барысында Ираннан келген "Жвана" халық аспаптар тобының шағын музыкалық концерті өтті. Концерт барысында қыздар университетінде "Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер парсы тілінде "Ей, Ирон!", "Жастар", "Мажнун", нәзік жандыларға арналған "Қыздар" және тағы басқа ел, туған жер, бейбіт өмір тақырыптарына арналған әндерді ансамбльмен бірге шырқады.

Екі мемлекет арасындағы достық, құрмет, парасат пен ынтымақтастықтың айғағына айналған шара аясында Иран Ислам Республикасының ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі болып өтті.

Айта кетейік, қыздар университеті Иран Ислам республикасымен 2003 жылдан бері байланыс орнатқан. Сол жылдардан бері оқу орнында парсы тілі оқытылып келеді. Иран елшілігінің қолдауымен 2012 жылы парсы тілі орталығы да ашалған. Қазіргі таңда қыздар университетінде парсы тілін меңгеріп жатқан студенттер саны 30-дан 100-ге жетті.

12-02-2016 iran 2

12-02-2016 iran 3



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!