Қазақстанда әрбір алтыншы әйел бедеулікке шалынған

Фотография - Қазақстанда әрбір алтыншы әйел бедеулікке шалынған

Ең көп бедеу жұптар тіркелген жер Алматы облысы

417 0

Қазақстан бойынша белсіздік пен бедеулік зардабы Алматы облысында үлкен. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, аймақта бұл дертке шалынған үш мың ер мен әйел адам ресми тіркелген, деп жазды Today.kz

Ведомстводан хабарлағандай, 2016 жылы ЭКҰ (экстракорпоральді ұрықтандыру) процедураларына 800 цикл жүргізуге жетерлік қаржы бөлінді. Айта кетейік, Қазақстанда ЭКҰ 2010 жылдан бері кепілдендірілген медециналық жәрдем ретінде енгізілген.  Ол кезде процедураның 100 циклі жүргізілген.

Бөлінетін квота санының өсуі "Саламатты Қазақстан" денсаулықты дамыту юағдарламасын жүзеге асырумен байланысты, деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ Медециналық жәрдемді ұйымдастыру департаментінде.

Әйел адам процедураны қайда өтетіндігін өзі таңдай алады. Министрлік процедуралар өткізуге рұқсат етілген ЭКҰ-орталықтарының тізімін ғана анықтайды.

ЭКҰға жолдама алу үшін отбасылық жұп тұрғылықты жерінде әйелдер консультациясы бойынша диспансерлік тіркеуге тұруы керек және қаралып тұруы қажет. ЭКО-ға жіберілген отбасылық жұп сәйкес зертханалық-диагностикалық тесеруден өтеді. Сәйкес құжаттар жиналғаннан кейін емхана дәрігерлері құжаттарды ЭКҰ өткізуге сұранған жұпқа комиссиялық шешім шығарылатын Денсаулық сақтау басқармасына жолдайды.

Қоса кетейік, 2015 жылы республикада 13 347  белсіздік пен бедеулікке шалынған жандар тіркелген. Оның 815 ер адам және 12 532 әйел адам. Стаистикаға сүйенсек, Қазақстанда әрбір алтыншы әйел бедеулікке шалынған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!