Қазақстан құрылысшылары кезектен тыс сайлаудың өткізілуін қолдайды

Фотография - Қазақстан құрылысшылары кезектен тыс сайлаудың өткізілуін қолдайды

сурет astana.gov.kz сайтынан

Қазақстан құрылысшылары ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдайды

314 0

Елорда әкімдігінің Астана қаласының сайлауалды штабының баспасөз орталығында сайлау кампаниясы аясында Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының өкілдерімен кездесу өтті. Қазақстан құрылысшылары ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдайды,деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Кездесу барысында Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының атқарушы директоры Аслан Тукиев кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешімнің уақытылы қабылданғанын атап өтті.

– Өткен шақырылымдағы депутаттар көп жұмыс атқарды, алдағы уақытта туындайтын әлеуметтік-экономикалық проблемалар аз емес, олар жаңа көзқарас пен жаңа шешу жолдарын қажет етеді. Біз Парламент Мәжілісі бұрынғыдай көппартиялы болатынына үміттенеміз, – деді А. Тукиев.

Оның айтуынша, экономикалық дағдарысқа байланысты құрылыс саласында да елеулі өзгерістер орын алды.

– Азаматтар тиімді бағамен тұрғын үй алуға мұқтаж. Біз оны қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы атынан біз ұсыныстар жасап,  кандидатураларымызды ұсынамыз, – деді А. Тукиев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!