БҚО-да биыл 136 км жол жөнделеді

Фотография - БҚО-да биыл 136 км жол жөнделеді

6,6 млрд теңге қарастырылған, оның 4,3 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 2,6 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.

502 0

Батыс Қазақстан облысында биыл жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 6,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл қаржыға 136 км автожолды жөндеу жоспарланып отыр.

БҚО Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Марат Қуанышәлиев атап өткендей, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жол жөндеушілерге үлкен міндеттер қойды. 

"2016 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 6,6 млрд теңге қарастырылып отыр, оның 4,3 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 2,6 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді. Бұл қаржыға Чапаево – Жаңақала – Сайхин, Жымпиты – Қаратөбе, Ақсай – Шыңғырлау, Аңқаты – Сарыөмір, Орал – Кирсаново жолдары жөнделеді", - дейді Марат Қуанышәлиев.

Айта кетейік, облыс бойынша автокөлік жолдарының ұзындығы 6530 км-ді құрайды, оның 1390 км-і республикалық, 5140 км-і облыстық және аудандық маңыздағы жолдар.

2015 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге 7,1 млрд теңге қаржы жұмсалды. 60 км-ден астам жол жөнделіпті.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!