Иманғали орталық мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Фотография - Иманғали орталық мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Абдираманов Артық Жұмабекұлы "Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.

593 0

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұылының бұйрығымен Абдираманов Артық Жұмабекұлы "Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды. Артық Жұмабекұлын қасиетті жұма намазы алдында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамыБатыржан Берденұлы жұртшылыққа танысытырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі. Бұл туралы "Иманғали" орталық мшітінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1987ж Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Шардара ауылында дүниеге келген Артық Жұмабекұлы мектеп табалдырығын аяқтағаннан кейін, Түркістан қаласында 1 жылдық дайындық курсында білім алған.

2005 – 2009 жж. Отырар университетінде Философия мамандығы бойынша, 2009-2012 жж. аралығында  Түркия еліндегі Стамбұл қаласында "Хасеки" Ислами білімдер оқыту орталығында Исламтанушы мамандығы бойынша білім алған. 2014 жылы қыркүйек айынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті Дінтану мамандығының  2-курс магистранты.

Артық Жұмабекұлы Батыс Қазақстан облысы "Орал" медресесінде директор орынбасары, "Астана" медресесінде ұстаз, "Нұр Астана" орталық мешітіне қарасты сауат ашу курсында тәпсір және фиқх пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарған. 2015 жылдан бері Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінде хадис дәрісінен кешкі уағыз жүргізген.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!