Астана көктемгі су тасқынына дайындалуда

Фотография - Астана көктемгі су тасқынына дайындалуда

сурет astana.gov.kz сайтынан

Қазіргі кезде көктемде ерген суларды өткізуге дайындық бойынша қалалық кешенді жоспар әзірленді

240 0

Бүгін елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен Астана қаласы әкімдігінің кезекті аппарат отырысы қаланы көктемгі кезеңге дайындау және су тасқынына қарсы іс-шараларды қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі кезде көктемде ерген суларды өткізуге дайындық бойынша қалалық кешенді жоспар әзірленді. 3 ақпаннан бастап әкімнің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, қажетті іс-шараларға дайындық басталып кетті.
Сонымен қатар, қаланы механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары да коммуналдық қызметтердің тұрақты бақылауында. Күн сайын магистральды көшелер, жолдардың жүретін бөліктері мен аула аумақтары кестесе сәйкес қардан тазартылады. Жұмыстар екі ауысыммен, сондай-ақ түнде де жүргізіледі. Қыс маусымы басталғалы қала аумағынан 2 млн. текше метр қар шығарылды. Жалпы жиналған аумақ көлемі 7,6 млн. шаршы м. құрады, соның ішінде қаланың 1 000 км артық көше-жол желісі механикаландырылған жолмен жиналды.
«Биыл нормадан артық қар түсті, сондықтан әрбір учаскеде тұрақты бақылау жүргізу керек. Еріген және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыруға толық дайын болуды қамтамасыз ету керек», - деді қала әкімі.
Қазіргі кезде қалада су басу қаупі бар 35 әлеуетті учаске анықталды, олардың әрқайсысы бақылауға алынды, Есіл, Нұра және Ақбұлақ өзендерінің арнасындағы су тасқыны жағдайларын гидрологиялық бақылау бекеттерінде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.
Отырыс барысында ТЖ департаментінің басшысы Барат Дұзақбаев су тасқынына байланысты орын алатын ТЖ жою үшін 309 адамнан, 49 бірлік техникадан, 12 жүзу құралы мен бір тікұшақтан тұратын топ құрылғанын баяндады. Қажет болған жағдайда 125 адамнан және 48 бірлік техникадан тұратын жедел әрекет ету отряды тартылмақ.
Бұдан басқа, отырыста 10 ақпанда өткен Ашық есік күні шарасының қорытындысы шығарылды. Аталған шара барысында қалалық қызметтерге қала тұрғындарынан 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Қала басшысы елордалық басқармалар жұмысының айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін жазбаша өтініштерге жауаптарды қалалық әкімдіктің сайтында жариялауды тапсырды.
Ә. Жақсыбековтың айтуынша, әкімдік пен қала тұрғындарының өзара әрекет ету іс-шараларының бірі ретінде халықпен кездесулерді тұрақты түрде өткізу керек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!