"Анам, әкем және мен - дені сау отбасы" атты спорттық эстафета өткізілді

Фотография - "Анам, әкем және мен - дені сау отбасы" атты спорттық эстафета өткізілді

Алматы қаласы Алмалы ауданына қарасты мектептердің 7-8 сынып оқушылары аталған шараға қатысты.

727 0

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, ақпанның 13-і күні №54 Қазақ-Ресей гимназиясының спорттық залында Алматы қаласы Алмалы ауданына қарасты мектептердің 7-8 сынып оқушылары  арасында "Мама, папа и я - вместе спортивная семья" атты спорттық эстафета ұйымдастырылды. Бұл туралы Today.kz Алмалы ауданы мәдениет және спорт бөлімінің маманы Ақсұңқар Әбілтаеваға сілтеме жасап хабарлайды.

Аудандағы мектептерден барлығы 50-ге жуық оқушылар ата-анасымен белсене қатысты. Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен аудандық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы комиссиясы, Алмалы аудандық білім беру бөлімі, "Нұр Отан" партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы,  Алматы қ. Ішкі істер департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы,  Алматы қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ, "Ақ ниет" АББ бөлімінің ұлттық медициналық ассоциациясы және тағы басқа ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылған спорттық эстафетаның жеңімпаздары естелік сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Сонымен қатар, нашақорлық пен есірткі бизнесіне, шылым шегуге қарсы күреске арналған  "Жастар тек қана салауатты өмір салтын таңдайды!" атты балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы акция өтті. Акция барысында салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосып жүрген ұйымдардың белсенділері "Нашақорлыққа жол жоқ!", "Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!" атты сауалнамалар мен үндеупарақтарын таратып, ойын-викториналардың жеңімпаздарына  әйгілі қоғам қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне және "Cinema Towers 3D" кинотеатрына бару ұйымдастырылды.   

Аталған іс-шараларға қоса, жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру мақсатында орын алған тағы бір игі іс-шара Ә. Шәріпов атындағы №16 ЖББМде аудан мектептерінің оқушылары арасында шахматтан турнирдің өтуі.

Ендеше ХХІ ғасыр азаматы озық ойлы,жоғары білімді, мәдениетті, денсаулығы мықты, салауатты, қайырымды, кішіпейіл, ізетті болуы тиіс.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!