"Болашақ" түлектерінің елдегі орташа жалақысы 414 мың теңге – Вице-министр

Фотография - "Болашақ" түлектерінің елдегі орташа жалақысы 414 мың теңге – Вице-министр

1994-2015 жылдары барлығы 11 727 "Болашақ" стипендиясы тағайындалған

337 0

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев айтты, деп хабарлады Baq.kz.

"Болашақ" стипендиясының 1203 түлегі орта басқарушылық буында қызмет етеді. (мидл менеджмент), олардың құрамына министрліктердің, ведомстволардың, ұлттық компаниялардың басшылары, бас инженерлер, медициналық, білім беру мекемелерініің бөлімшелері мен кафедраларының меңгерушілері және т.б. кіреді. Сонымен қатар 20%-ы өңірлерде еңбек етуде. 6 мыңнан астамы – бас менеджерлер, мамандар, сарапшылар, инженерлер, аға оқытушылар. Олардың төрттен бір бөлігі өңірлерде қызмет атқаруда. Бүгінде министрлікпен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешімін тауып отыр. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жұмысқа орналастырудың жалпы деңгейі 99,4%-ды құрады. "Болашақтықтардың" орташа жалақысының деңгейі ел бойынша - 414 480 теңге. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығымен бірлесе стипендияның өтелімділігін есептей келе, білім аударымдары арқылы ғана стипендиаттар өздерінің жұмыс істеу кезеңінде оқуларына жұмсалған соманы 2 есе көлемінде жабады", – Т.Балықбаев.

Айта кетейік, 1994-2015 жылдары барлығы 11 727 «Болашақ» стипендиясы тағайындалған. Стипендия ашылған сәттен бастап әлемнің үздік жоғары оқу орындарында 8 365 маман даярланды. Олардың ішінде бағдарлама түлектерінің 22%-ы, немесе 1 731 түлек, – шешімдер қабылдау процесіне тартылған мемлекеттік құрылымдардағы, ұлттық компаниялар мен өндірістердегі топ-менеджерлер, 78%-ы, немесе 6 500-ден аса түлек – мамандар, сарапшылар, медицина қызметкерлері, өндіріс инженерлері, білім саласындағы қызметкерлер, олардың шамамен 90-ы – ғылым докторы. Бағдарлама түлектерінің 99,4%-ы жұмысқа орналастырылған, қалғандары жұмысқа орналасу сатысында. Бүгінгі күні "Болашақ" стипендиясы шеңберінде 1487 адам білім алуда. Олардың 1 137-сі магистратура, 167-сі - бакалавриат, 83-і - докторантура, 3-еуі – аспирантура, 1-еуі - клиникалық ординатура бағдарламасы бойынша оқуда, 96 адам тағылымдамадан өтуде. Стипендиаттардың басым бөлігі Ұлыбританияда – 46%, АҚШ және Канадада – 39,5%, Еуропа құрлықтық елдерінде –7%, Азия және Океания елдерінде – 4,5%, Ресей Федерациясында – 3% оқуда. 
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!