ТарМУ мен жергілікті полиция меморандумға қол қойды

Фотография - ТарМУ мен жергілікті полиция меморандумға қол қойды

Студенттер "Динамо" спорт кешенінің базасында өзін-өзі қорғаудың әдіс-тәсілдерін меңгермек.

596 0

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ басшылығы мен Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полковник Бақытжан Бейсеев 2016 жылы күшіне заңнамалар негізінде құрылған жаңа қызметтің міндеттеріне тоқталып өтті. Ал, университет ректоры Махметғали Сарыбеков әріптестік туралы меморандум негізінде университет ғимараттарындағы тыныштық жергілікті полиция қызметінің жіті бақылауында болатындығына назар аударды.

"Бұл меморандумға студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында қол қойылып отыр. Осы құжат негізінде жастар арасындағы қылмысқа бірлесіп қарсы тұрудың кешенді жоспары түзіледі. Ол жоспар бойынша арнайы мамандардың қатысуымен семинарлар, тренингтер, кездесулер өтетін болады. Құқық бұзушылыққа тап болған студенттерге психологиялық көмек көрсетуді де ойға алып отырмыз. Құқықбұзушылыққа қарсы күрес жайын айта отырып студенттердің өзін-өзі қорғау мәселесінде назардан шет қалдырмаған жөн. Дәл осы мақсатта студенттер "Динамо" спорт кешенінің базасында өзін-өзі қорғаудың әдіс-тәсілдерін меңгермек. Жұмыстың нәтижелігін арттыруда жергілікті полиция қызметіне ТарМУ-дың әскери кафедрасы базасындағы "Бүркіт" студенттік жасағы да көмек көрсетуге әзір. Оған қоса, университетіміздің гидрокешеніндегі қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аталмыш кешен аумағына участкелік полиция пункті орнатылады", деді университет ректоры.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!