Қостанайда дәрігерлер жетіспейді

Фотография - Қостанайда дәрігерлер жетіспейді

Қазіргі кезде Қостанайға 300-ге жуық денсаулық сақтау саласының мамандары қажет

303 0

Қостанай облысында дәрігерлер жетіспейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, - деп хабарлайды Baq.kz .

"Қазіргі кезде біздің өңірге 300-ге жуық денсаулық сақтау саласының мамандары қажет. Жалпы, әлеуметтік сала қызметкерлері санатына жататын 450-ден астам жұмыс орны бос тұр. Әрине, облысымызға 2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында 4 мың түлек қиырдағы өңірлерге жолдама алған. Десек те, оның 17%-ы ғана денсаулық сақтау саласының тізгінін ұстаған жандар" деді А.Мұхамбетов.

Сондай-ақ, әкім олқылық орнын толтыру үшін қазір барлық шараларды қолданып жатқанын айтты. Қазір келген мамандарға қолдау көрсету мәселесі бойынша нақты шаралар жүзеге асырылуда екен. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!