Сегіз мыңға жуық балаға балабақшадан орын беріледі

Фотография - Сегіз мыңға жуық балаға балабақшадан орын беріледі

Елорда тұрғындарына кезек номерлері қабылдау кестесіне сәйкес болғанда ғана жолдама беріледі

727 0

Кешеден бері № 61 орта мектепте балаларды мектепке дейінгі мекемелерге топтау жүргізіліп жатыр. Алғаш рет қаладағы 91 мемлекеттік балабақшаға 8 мыңға жуық бала қабылданбақ, соның ішінде бес мекеме жаңадан ашылса, біреуі 60 орынға есептелген жапсарластыра салынған ғимарат.

Елорда тұрғындарына кезек номерлері қабылдау кестесіне сәйкес болғанда ғана жолдама беріледі. Егер кезекте тұрғандар балабақшадағы орыннан бас тартса, Астана қаласының Білім басқармасы жаңадан қосымша топтау туралы жариялайды, ол үстіміздегі жылдың 30 наурызына дейін жалғасады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Биыл наурыз айында 240 және 280 орындық бес балабақша пайдалануға беріледі: Орынбор көшесіндегі № 86 "Қадыр"; Комсомольский кенті Ұлпан көшесіндегі № 88 "Баян Сұлу"; Комсомольский кенті Қыз Жібек көшесіндегі № 89 "Қыз Жібек"; Сығанақ көшесіндегі № 90 "Еркежан"; Үркер ш/а № 91 "Еңлік" балабақшасы; сондай-ақ, №4 "Аружа" балабақшасына жапсарластыра салынған ғимарат. Әрбір балабақшада сөйлеуі бұзылған, аутизмі немесе психологиялық дамуының тежелуі бар балалар балаларға арналған топ құрылмақ.

"Қыз Жібек" балабақшасы толық жабдықталған. Мұнда интерактивті сыныптар, спорт және акт залдары, дефектолог және логопед кабинеттері бар.

Сәуле Атақанова, № 89 «Қыз Жібек» балабақшасының меңгерушісі:

– Балабақшаны наурыз айында ашу жоспарланған. Біз толық дайынбыз, кадрлық әлеуетіміз бар, өте жақсы. Мекеме 280 балаға есептелген, соның ішінде екі топ сөйлеуі бұзылған балаларға арналады, сондықтан балабақшада дәрігер-дефектолог пен логопед жұмыс істейді.

Айта кетейік, заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балаларға; жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға; әскери қызметшілердің, соның ішінде қызметі барысында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметшілердің балаларына; арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына, соның ішінде қызметі барысында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балаларына балабақшалардан орындар кезектен тыс беріледі. Аталған санатқа жататын балаларға 1500 орын бөлінді.

Сонымен қатар, 4 жасқа толған балалар кезекке қарамастан шағын орталықтарға жіберіледі. Бұл мәселе бойынша қабылдау №61 орта мектептің №116 кабинетінде жүргізіледі. Жеңілдікті санаттар бойынша сауалдармен де осы кабинетке жүгінуге болады. № 119 кабинетте балаларды мемлекеттік тапсырыспен жеке меншікті балабақшаға орналастыру бойынша өтініштер қаралады. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 3 мыңға жуық баланы қабылдау көзделген, бұл ретте соманың 15900 теңгесі бюджеттен төленеді, қалған 23000 теңгені ата-аналар береді.

Елордада балабақшаға топтау 15 ақпанда басталып, 11 наурызға дейін жалғасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!