Аутизммен күрес: ерекше балақайдың өімірінен бір күн

Фотография - Аутизммен күрес: ерекше балақайдың өімірінен бір күн

None

385 0

Балаңызда аутизм барын және өміріңіз ойлағаннан өзге болатынын есту ауыр. Today.kz тілшілері ерекше баланы тәрбиелеп отырған отбасына барып, осындай ауыр сырқаты бар баланың қалай өмір сүріп жатқанын көріп қайтты.

Азамат Төлеуовтың диагнозын ата-анасы балалары үш жасқа толғанда білді. Баланың анасы Мейрамгүл Байдырахманованың айтуынша, дәрігерлер соңына дейін балада ауыр сырқат барын мойындамай келген.

"Мен өзім психологпын. Азамат сап-сау болып туған. Мінезіндегі ауытқушылықтарды мен оның екі жасында байқадым. Ол қатты айқайлап, тыныш ұйықтай алмайтын болды. Шу естісе болғаны ол жылай бастайтын. Бір жарым жыл мен ауруханалар табалдырығын тоздырып, балама не болғанын білгім келді, Азамат үш жастан аса бергенде дәрігерлер бізге онда аутизм спектіріндегі ауытқушылықтар барын хабарлады", - дейді анасы Мейрамгүл Байдырахманова.

Азаматтың әр таңы мультфильмедрден емес, жаттығудан басталады. Анасы дене жаттығулары өзін реттеу мен айналаны тануда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.