Сапарбаев БАҚ-тан өзіне тым көп назар аудармауын сұрады

Фотография - Сапарбаев БАҚ-тан өзіне тым көп назар аудармауын сұрады

Бердібек Сапарбаев Еңбек адамдары туралы жазған дұрыс болғанын айтады.

168 0

Ақтөбе облысының әкімі жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесуінде өзіне тым көп назар аудармауын сұрады деп хабарлайды nur.kz порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап.
"Сіздерде өзге материал жоқ па, сонда? Бүгін қазақ тіліндегі облыстық газетті парақтадым, онда 6 жолақтың 4-еуі жарнама мен ресми құжаттар. 2 жолағы ғана газет материалдары, оның өзінде дені мен және менің орынбасарларым туралы. Өзге газетте сайлау туралы. Олай болмайды. Өз материалдарыңызды жазу керек. Түпкі мекендерге барыңыздар. Ол жерде адамдар тұрады ғой. Еңбек адамдары туралы жазыңыздар", — деп ескертті Сапарбаев БАҚ өкілдеріне.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!