Шымкентте Ұлттық ұланның республикалық оқу-әдістемелік жиындары өтуде

Фотография - Шымкентте Ұлттық ұланның республикалық оқу-әдістемелік  жиындары өтуде

Оқу-әдістемелік жиындарға түрлі құрылымдар да қатысуда

396 0

Бүгін Шымкент қаласындағы Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтарының, өңірлік қолбасшылықтар әскери полициясының, Әскери институттың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басқарма және бөлім бастықтарымен, "Бүркіт" арнайы мақсаттағы отрядтары мен әскери бөлімдер командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен, сонымен қатар Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің  әскери полиция бөлімшелері мен қызмет бастықтарымен республикалық оқу-әдістемелік жиындары басталды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен Айдос Байшағыров.

        Бағыт-бағдары мен мақсаты айқындалған отырыстан соң жиын қатысушылары ТМД-ның сыртқы шекарасын күзету мен қорғау бойынша үкіметтік тапсырмаларды орындау барысында Тәжік-Ауған шекарасында 1995 жылдың 7 сәуірінде қаза тапқан Ішкі әскердің 17 қаһарман жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, атап өтерлігі, бұл іс-шараға Ұлттық ұлан батырлары Ербол Отарбев пен Жандос Баянбаев арнайы келіп батырлар рухына тағзым етті.

         Дөңгелек үстелге Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков, Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, Қазақстан халықтары Ассамблеясы секретариятының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, С.П. Королев атындағы № 45 мектеп-гимназиясының мектеп директоры   , педагог-новатор, қалалық мәслихаттың депутаты Пак Роза Викторовна, Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полковник Мәжит Жүсіпбаев, «Нұр Отан» партиясы ішінен құрылған "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы Бауыржан Молдабеков, сонымен қатар қоғамдық және өзара іс-қимыл бірлестіктегі органдардың өкілдері, Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының және еңбек ардагерлері, интернационалист жауынгерлер, жиын қатысушылары, студент жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.