Алты мың гектардан астам алқапқа қант қызылшасы егіледі

Фотография - Алты мың гектардан астам алқапқа қант қызылшасы егіледі

Бүгінгі күні Ақсу қант зауытын қалпына келтіру күтілуде

641 0

Биылғы жылы Алматы облысының аумағында қант қызылшасының егістік алқабы 6 мың гектардан аспақ, ал өнімділік көрсеткішін әр гектарынан 350 центнерге дейін жеткізу жоспары бар. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуінде белгілі болды, деп хабарлады Baq.kz.

Биылғы жылы қосымша тағы 5 сервистік-дайындау орталығы ашылады, сөйтіп олардың саны 11-ге жетеді. Маусым барысында 7 мың ауыл тұрғынын жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні Ақсу қант зауытын қалпына келтіру, маусым аралығында қант құрағын шығаруға бағытталған Қарабұлақ қант зауытын іске қосу арқылы 876 адамды жұмыспен қамту күтілуде.

Сонымен қатар жүгері алқаптарының көлемін 75 мың гектарға дейін ұлғайту, онда 14 мың адамды жұмыспен қамту, тағы бір сервистік-дайындау орталығын ашу жоспарлануда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!