Мүмкіндігі шектеулі болса да, мүддесі биік жандар көпке үлгі

Фотография - Мүмкіндігі шектеулі болса да, мүддесі биік жандар көпке үлгі

Іс шара барысында ел ағасы жасындағы мүмкіндігі шектеулі ағалар да Құран оқып, дұға-тілктерін бағыштады.

292 0

"Һибатулла Тарази" мешітінің ұйымдастыруымен тағдырдың жазуымен тауқыметке тап болған қоғамымыздағы мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған ақ дастархан жайылды. Мешітке қонақ болған ақжүректілерге сыйлықтар жасалып, "Дін мен дәстүр" және "Намаз оқып үйренейік" кітабы сыйға тартылды. Бұл туралы "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиында сөз басын ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев бастап, ақсақал қариялар ақ батасын берді. Берекесі мол дастарханнан дәм татылып, "Шынайы бақыт", "Алла разылығы мен Раббымызға деген махаббат" сынды сүбелі сөзбен уағыз айтылды.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

"Туғанымнан екі қолым болмаса да, мен өзімді мүгедекпін деп сезінген емеспін. Ата-анамның қамқорлығында болып, мектеп, университет бітірдім. Алла қаласа жаннатта ең әдемі аяқ сізде, ең әдемі қол менде болады. Қазір құшақтай алмасам да, бұйыртса жаннатта мұсылман бауырларымды құшағыма ала аламын", – дейді Анар.

Ел ағасы жасындағы мүмкіндігі шектеулі ағалар да Құран оқып, дұға-тілктерін бағыштады.

Қандай болсын жағдайға тап болса да жүздерінен жадыраған нұр үзілмейтін мерейлі жандар мешітке шынайы алғысын айтып тарқасты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!