Студент Әлібек Нұркеш: Стив Шварцманмен сұқбатым әлі де есте

Фотография - Студент Әлібек Нұркеш: Стив Шварцманмен сұқбатым әлі де есте

Студент Әлібек Нұркештің беделді Шварцман атындағы стипендияға қалай ие болған турасындағы әңгіме

828 0

Таныс болыңыздар: Әлібек Нұркеш, 22 жаста, Назарбаев Университеті әлеуметтік-гуманитарлық ғылым мектебінің төртінші курс студенті. Биылғы жылы оқуын  "экономика және халықаралық қатынас" мамандығы бойынша тәмәмдайды. Әлібек Шварцманның беделді стипендиясына ие болған бірінші және әзірге жалғыз қазақ студенті. Бұл стипендия оған оқуын Бейжіңдегі Цинхуа Университетінде қытай экономикасын зерттеуге мүмкіндік береді. Today.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұқбатында Әлібек ұтып алған стипендиясының маңызы туралы айтып берді. Айта кетейік, әлемде бұл стипендияға 100 адам ғана ие. ТМД елдерінен Әлібек пен оның Әзірбайжандық құрдасы бар.

- Әлібек, алдымен өзің жайлы бірер сөз айтсаң.

- Мен Алматы облысының тумасымын, Қытаймен шегаралас жатқан Жаркент атты кішігірім қала бар. 2010 жылы сол жерде қарапайым мектепті аяқтадым. Сосын бір жыл Қазақстан-Британ университетінде білім алдым, кейін Назарбаев Университетіне түстім, осы жылдың мамырында оқуым бітеді. Енді міне Шварцманның бағдарламасы бойынша Цинхуа университетінде білім алуға стипендия алдым. Мамырда магистратурам басталып кетеді.

- Біліміңізді неге Назарбаев Университетінде жалғастырғың келді?

- Астанада оқығым келді, оның үстіне бұл жерде білім беру тек ағылшын тілінде ғана. ҚБТУ-да толықтай ағылшын тілінде оқытпайды.

- Сіз – Шварцман стипендиясына қол жеткізген жалғыз қазақ студентісіз. Бейжіңде қандай мамандық бойынша білім алуды жалғастырасыз?

- Үшінші курстан кейін-ақ мен Қытайға барып, сонда білім алғым келетінін түсіндім. Менің достарым Батысқа, АҚШ-қа көбірек ұмтылуда. Ал меніңіше,
Қазақстанда Қытайды түсіне алатын адамдар аз. Қазақстан осы елдің экономикалық мүмкіндігін көбірек пайдалану керек сияқты. Шварцман бағдарламасының негізін американдық миллиардер, әлемнің ең бай 100 адамының қатарына кіретін қаржыгер Стивен Шварцман қалаған болатын. Алғашқы студенттерді былтыр ғана қабылдай бастады. Қытай жетекшілері Ху Цзиньтао мен Си Цзиньпин тәмәмдаған Цинхуа Университетінде білім алатын 100 адамды таңдады. Университет маңына арнайы академия салынған, осы күзде оқу басталады.

- Стипендия үшін конкурста сізге ең күрделі болған не?

- Бірінші турда біз төрт эссе жаздық. Атап айтқанда, бұл бағдарламаны неге таңдағаныңды жазу керек, ал біреуі еркін тақырыпта болды. Мен өзімнің туған қалам жайында жаздым. Сосын менің бірінші турдан өткенім жайында хат келді де, мені екінші турға қатысуға Лондонға шақырды. Онда үш күн бойына Исландия президенті, қаржы институттарының бұрынғы өкілдері Морган Сэнли мен Барклис сияқты танымал саясаткерлер мен бизнесмендер және Стив Шварцманның өзі бізбен сұқбат жүргізді.

- Бұл үш күн қазылар құрамынан өзге несімен есте қалды?

- Маған бүкіл әлемнен жиналған студенттер қатты әсер етті. Барлығы өте ақылды. Оларға қарап тұрсаң, бір күш алғандай боласың. Мен ол кезде екінші турдан өте алмасам да, маған бұл сапардың бергені өте мол деп ойладым. Өткені мен бизнесмендер және саясаткерлермен таныстығымды айтпағанда, қаншама кермет адамдарды жолықтырдым. Білесіз бе, олар өзі сондай қарапайым. Стивен Шварцман әлемдегі ең бай адамдардың бірі бола тұра, ол да өзін қарапайым ұстады. Сосын, сұқбатым есімде – менен тер судай ақты. Көп сұрақ қойылды, екі ұшты сұрақтар да болды. Мен мұндай адамдардан күтпеген сұрақтар да болды. Бізден осындай адамдар сұқбат алатынын басталардан 10 минут бұрын ғана айтты. Дайындалуға мүмкіндік болмады.

- Шварцман бағдарламасы бойынша қанша уақыт білім аласыз?

- Ресми бөлігі бір жыл және студенттің қалауынша Оксфорд университетінің саид бизнес-мектебінде бизнес әкімшілігін құру магистрі дәрежесін алуға болады. Жалпы Бейжіңге бару-келу, тұрғылықты орын мен ішіп-жейтініңді де, Қытай ішінде сапарыңды, тәжірибе алу және бөлек кішігірім стипендияны бағдарлама қамтамассыз етеді.

- Болшақта өзіңізді қай салада көріп тұрсыз? Немен айналысқыңыз келеді?

- Назарбаев Университетінен алған білім үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Мен өзімді халықаралық экономикалық қатынастар саласында байқап көргім келеді.

- Сіз қатарлы адамдардың көбі тезірек байып кетуді ойлайды. Ал сіз өз біліміңізді жалғастырып жүрсіз, білім алуға ғана бет бұрып, сол үшін барша мүмкіндікті пайдаланудасыз. Сіз үшін материалдық жетістік емес, ғылымды қазбалай беруге не итермелейді?

- Бұны бала кезімде ата-анамның маған сіңіргені болар. Анам мен әкем мені кітапқа, білімге баулыған. Менің талпындырушым – ол ата-анам. Анам қарапайым мектепте, ал әкем Жаркентте мемлекеттік қызметкер. Мен өз идеяларыммен бөліскен уақытта олар мені әрдайым қолдап: "Йә, ұлым, жаса", дейді. Отбасымның артқан үмітін ақтағым келеді.

- Бүгінде мектеп бітірушілердің көбі шетелде білім алғысы келеді. Сіздіңше, біздің боз балар мен бойжеткендер шетелде үздік студент болуымен қатар, жаңа өмірге бейімделіп, еркелететін күтушілер орнында жаңа мүмкіндіктер мен бағыттан тайдырар теріс жол күтіп тұрған жерде қандай қасиетке ие болулары керек?

- Жаңа жағдайға бейімделіп, айналаңда басқа мәдениет екенін ұғынып, оны силап үйрену, айналаңдағы адамдармен де тіл табыса білу – бастысы осы. Алған бағалар маңызды емес. Олар қалады, саған өмірде қажет болатыны ойыңа түйгенің.

- Жастар білім алған елінің дәстүрі мен тұрмыс салтын қатты ұнатып, сонда қалуға тырысып жатады. Сіздің ойыңызша, жастардың елге оралуы үшін "Болашақ" қойған міндеттер күшімен емес, өз еркімен оралуы үшін Қазақстанда қандай ынталандырулар болу керек? Жастар өзге емес, өз елінің игілігі үшін қызмет етуге не қажет?

- Мен өзімді Қазақстансыз елестете алмаймын: менің отбасым, достарым – барлығы осында. Менде мұндай ой да туындаға емес. Ал мемлекет шетелде білім алғандар өз білімін нақты жобаларға істетіп, өз мүмкіндіктерін көрсете алатындай жағдай жасауы тиіс. Әрине, ақысы да лайықты болса. Қазақстандық компанияларға шетелдік жетекші компанияларынан үйрену керек шығар.

- Сіз сұқбат барысында Today.kz-тен күткен, алайда, ести алмаған сұрағыңыз болды ма?

- Сіздерге дейін де сұқбат алғандар болды, бірақ олар Шварцман стипендиясы туралы ғана сұраған. Сіз менің көзқарасым мен идеяларым туралы сұраған алғашқы адамсыз. Мен мұны күткен жоқпын, сізбен әңгімелесу мен үшін қызықты болар еді.

- Сөзіңізге рахмет және білім жолыңызда сәттілік тілеймін!

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!