Астанада жыл басынан бері қараусыз қалған 192 көлік анықталды

Фотография - Астанада жыл басынан бері қараусыз қалған 192 көлік анықталды

Аулаларда және жолдардың жиектеріне қалдырып кеткен көліктерді қар басып, қала тұрғындарына кедергі келтіреді, елорданың келбетін бұзады

267 0

Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері аудандық әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп көліктер,  жаяу жүргіншілер және қар тазалау техникасының қозғалысына кедергі жасайтын иесіз қалған көліктерді анықтау бойынша рейдтерді тұрақты түрде жүргізеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан бері 192 көлік анықталып, тұраққа қойылды. Қыста иесіз қалған көліктер мәселесі аса өзекті болады, өйткені иелері аулаларда және жолдардың жиектеріне қалдырып кеткен көліктерді қар басып, қала тұрғындарына кедергі келтіреді, елорданың келбетін бұзады.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, полицейлер номер белгілері мен шанақтың номері арқылы көлік иесін еш қиындықсыз анықтайды. Көлік иелерімен әңгімелесу жүргізіліп, кейбір жағдайларда олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бір айдан артық уақыттан бері тұрған, бұзылған, қоқыс пен металлдың жиналу ошағына айналған, қар жинау техникасына кедергі жасайтын, гүлзарларға қойылған, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі болатын машиналар эвакуацияланады.

Елорда тұрғындарын көшеде қараусыз қалған көлікті байқаған жағдайда, 102 номеріне немесе елорда әкімдігінің "Халықтық бақылау" және "Виртуалды қабылдау бөлмесі" айдарларына хабарласуға шақырамыз. Өтініш қабылданған соң анықталған көлік жүргізушілеріне қатысты қажетті шаралар қолданылатын болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!