Балқашта тегін нан таратылуда

Фотография - Балқашта тегін нан таратылуда

Қарағанды облысының Балқаш қаласында тегін нан таратылады

347 0

Бұл – отандық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі артып келеді деген сөз.

Дағдарыс күллі әлемді жағадан алған тұста Балқаш нан зауыты қала тұрғындарына өз өнімдерін таратуды дәстүрге айналдырған. Осылайша, кәсіпорын зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіп отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл зауыт шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында ашылған. 100 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын тәулігіне 17 тонна 90 түрлі нан өнімін шығарады. Табысын еселеуді емес, халықтың алғысын алуды көздеген зауытқа тұрғындар дән риза.

Жергілікті тұрғын: - Бұл кәсіпорын зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларына көмек көрсетіп отыр. Әрине, біз бұндай игі істі қолдаймыз.

Жергілікті тұрғын: - Жақсылықты көксеген шараның арқасында күнделікті тәтті де жұмсақ нан жеп отырмыз. Зауыт ұжымына алғысымызды айтамыз.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!