"Бiрлiк" саяси партиясы ресми сайтының тұсауын кесті

Фотография - "Бiрлiк" саяси партиясы ресми сайтының тұсауын кесті

"Бiрлiк" партиясы кешеден бастап үгiт-насихат жұмыстарын бастап кеттi

768 0

Бүгiн "Бiрлiк" саяси партиясы" қоғамдық бiрлестiгiнiң республикалық сайлау штабында партия сайтының тұсаукесерi өттi. Ресми сайт сайлау науқанына қарсы бiр ай бойы қажеттi материалдармен толығып, жаңартылды, деп хабарлады Baq.kz.

"pp-birlik.kz деп аталатын сайт "Басты бет", "Партия", "Сайлау 2016", "Баспасөз қызметi" мен "Байланыс" деп аталатын 5 бөлiмнен тұрады. Сайтта партияның сайлауалды бағдарламасы, партиялық тiзiм бойынша ҚР Парламентi Мәжiлiсi депутаттағына ұсынылған кандидаттардың тiзiмi мен олардың өмiрбаяндары жарияланған", - дейдi партия төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышев.

Оның айтуынша, сайтта сондай-ақ, сайлаушыларға заңгерлік кеңес беруге арналған «Заңгер көмегi» бөлiмi ашылды. Алдағы уақытта әлеуметтiк желiлерде де партияның жеке парақшасы ашылады.

Айта кетейік, "Бiрлiк" партиясы кешеден бастап үгiт-насихат жұмыстарын бастап кеттi. Партия баннерлерi Қазақстанның барлық қалаларында орнатылған. 20 наурызға белгiленген ҚР Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына "Бiрлiк" партиясынан 8 кандидат ұсынылған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!