Қостанайда бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы 90,9% жетті

Фотография - Қостанайда бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы 90,9% жетті

Бүгінгі таңда облыста 71 мектептен тыс білім беру ұйымы жұмыс атқарады

257 0

Қостанай облысында бір жастан алты жасқа дейін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтылған балалар саны 90,9% құрайды (республикалық көрсеткіш – 53,8%).

Бүгінгі таңда облыста 71 мектептен тыс білім беру ұйымы жұмыс атқарады, қосымша білімммен қамтылған балалар саны - 55,7%, немесе 55 937 оқушы. Облыста барлығы 31 280 (31%) балалар және жасөспірімдер қызығушылқтары бойынша балалар бірлестіктерінде Оқушылар үйлері мен Сарайларында, клубтарда, балалар спорт мектептерінде - 17 419 (17,3%), көркемөнер шығармашылығының үйірмелерінде - 1 028 (1%), музыкалық шығармашылық – 1 509 (1,5%), техникалық шығармашылық – 922 (0,9 %), 3 779 бала (4%) – өнер мектептерінде айналысады, деп жазды Baq.kz.

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын іске асыру мақсатында 2006-2015 жылдары 347 азамат (157 интернаттық ұйымның түлектері және 190 отбасында тәрбиеленуші) мемлекеттік тұрғын – үй қорынан баспанамен қамтамасыз етілді.Берілген баспаналардың жалпы санынан 80 пәтер облыстың ауылдық өңірлеріне , 267 пәтер қалалық жерлерге берілді.

Өткен жылы облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында белгілі жастағы жастардың жалпы санынан ТжКБ қамтылған жастардың үлесі 16,8% құрайды. Мемлекеттік тапсырыс есебінен колледждерге алынған жастардың үлесі өсті, жалпы қабылданғандар санынан 72,8% құрайды, жоспар бойынша 67%.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!