Астанада "Қыс өрнегі" дәстүрлі шаңғы фестивалі өтті

Фотография - Астанада "Қыс өрнегі" дәстүрлі шаңғы фестивалі өтті

Биыл 16-шы рет өткізіліп отырған шаңғы мерекесіне 3 мыңнан астам қала тұрғындары жиналды

451 0

Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Қыс өрнегі" шаңғы фестивалі өтті. Дәстүрлі шараға елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Биыл 16-шы рет өткізіліп отырған шаңғы мерекесіне 3 мыңнан астам салауатты өмір салты мен белсенді демалысты таңдайтын қала тұрғындары жиналды, олардың ішінде 2700 - шаңғы жарысына қатысушылар. Кәсіпқой спортшылармен бірге әуесқойлар да шаңғы тепті. Мектеп оқушылары, спорт мектептерінің шәкірттері, күш құрылымдарының өкілдері, балалар мен ардагерлер арасындағы жарыстар бөлек ұйымдастырылды. Әдеттегідей жаппай жарысқа қатысушылардың саны көп болды. Дистанциялар жас санатына қарай 1-3 км құрады.

Есіл өзенінің бойында нағыз спорт қалашығы бой көтерді. Шаңғы жарысынан басқа, көрші алаңдарда тағы да сегіз спорт түрінен жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, гір көтеру спорты, армрестлинг, шағын футбол, су астынан балық аулау, арқан тарту, белбеу күресі, хоккей және мотокросс. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шаралары арасында концерттік бағдарлама қойылған болатын. Айта кетейік, биыл құрылғанына 25 жыл толуын атап өтетін Ұлттық Олимпиада комитеті шараға белсенді қатысты.

Фото -

"Бүгін Астанада нағыз қысқы спорттық мереке өтті. 16-шы рет өткізіліп отырған шараға үш мыңнан астам адам қатысуда. Қала тұрғындары жарыстарға қатысу үшін балалармен, отбасыларымен келді", - деді Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев.

Дәстүр бойынша Астана қаласының әкімдігімен ұйымдастырылған фестиваль елордада қысқы спорт маусымын жапты. Астанада биыл шаңғы маусымы аясында 15 шаңғы жарысы өткізіліп, оған 6 мыңнан астам адам қатысқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!