ҚМДБ: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетілді

Фотография - ҚМДБ: Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетілді

Қайырымдылық шарасына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты

865 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық акция өткізді, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметінен.

"Мүмкіндігі шектеулі балаларға мейрімділік танытайық" қайрымдылық шарасының аясында 100 балаға түрлі сыйлықтар тарту етіліп, мекемеге теледидар берілді.

Қайырымдылық шарасына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, еліміздегі барлық мешіттерде осындай ізгі істердің жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Фото -

"Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның бір мүшесі. Оларға қайырымдылық жасап, мейірімділік таныту әрбір мұсылманның міндеті. Мүмкіндігі шектеулі балалар қамқор болып, қиындық пен сынаққа мойымаған ата-аналар мен мекеме басшылығына алғысымды айтамын", – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондай-ақ, шараға, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет және қала имамдары қатысты.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!