Жамбыл облысында нәрестені көлік терезесінен лақтырған әйелді Алматыға жібереді

Фотография - Жамбыл облысында нәрестені көлік терезесінен лақтырған әйелді Алматыға жібереді

Алматылық мамандар кеңейтілген психоневрологиялық сараптама жұргізеді

744 0

Жамбыл облысында нәрестенің өліміне күдікті әйелдің психикалық жағдайын тексерумен алматылық мамандар айналысады. Бұл туралы Today.kz  тілшісіне Талас ауданының прокуратурасынан хабарлады. Мұндай шешім тексеруді ауқымдырақ өткізу қажеттілігінен туындаған.

"Бұл айда істі сотқа жолдай алмаймыз, өйткені облыстық сараптама әйелді стационарлы емге жіберіп, сол жерде сараптаманы кеңірек өткізуді ұсынуда. Абулаторлы-облыстық сараптама нақты жауап бере алмайды. Олар әйелді Алматыға жіберуді ұсынуда, ол жерде сараптама бір ай жүргізіледі. Бұл стандартты мерзім", - дейді прокуратурадан.

Әйелдің мұның алдында психоневрологиялық есепте болмағаны айтылады. Әйелді Алматыға этаппен жіберу рұқсаты 22 ақпанда беріледі деп күтілуде.

Естеріңізге салсақ, сәбидің денесі Жамбыл облысы Таласа ауданы Ақкөл ауылына кіре берісте 13 қаңтарда табылған. Нәрестенің анасы Үшарал ауылының 16 жасар тұрғыны, ол көлікте кетіп бара жатып босанған. Алдын ала тергеу бойынша, нәрестені қыздың анасы терезеден лақтырып жіберген. Босанған қызбен қамауға алынған әйелдің көршілері, отбасының тыныш және де бұрындары кикілжің оқиғалары болмандығын айтқан болатын. 

Жамбыл облысында тастанды бала оқиғасы Талас ауданында білім беру саласы қызметкерлерінен бастап, денсаулық сақтау шенеуніктерінне дейін жаппай жұмыстан босатуларға әкеліп соққан. Сонымен бірге Жамбыл облысы әкімдігіндегі қызметтік тұлғалар да жұмыстан босатылғаны белгілі болды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!