Алматы қаласы еңбек ұжымдары арасында хоккейден мерекелік турнир өтті

Фотография - Алматы қаласы еңбек ұжымдары арасында хоккейден мерекелік турнир өтті

Турнирдің қорытындысы бойынша 1- орынды "Рахымжан" еңбек ұжымы жеңіп алды.

686 0

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы   30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты ағымдағы жылдың  19-21 ақпан күндері Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатының мұз алаңында Алматы қаласы еңбек ұжымдары арасында хоккей спорт ойынынан мерекелік турнир өтті.     

Турнирдің  соңында жеңімпзадар мен қатысушыларға  Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан естелік сыйлықтар мен  грамоталар табысталды. 

Фото -

Турнирдің қорытындысы бойынша  1- орынды "Рахымжан" еңбек  ұжымы,  2-орынды "Медеу" ұжымы, 3 – "Салем" мен 4 – орынды "Ультрас" ұжымдары иеленді. 

Сонымен қатар, спорттық турнирде әр номинация бойынша жеңімпаздар да белгілі болды. Олар: "Ең үздік қорғаушы"  - Михаил Машталов, "Ең үздік шабуылшы"  - Асимова Наргиза, "Ең үздік қақпашы" - Иван Бугаков аталынды. Барлығы ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. 

Турнирге барлығы  100 адамға жуық қатысты. 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 21–ақпанында Тұрғыт Озал көшесі, 71, үйінде орналасқан "Барыс" аула клубының спорттық залында Алматы қаласы мен Алматы облысы аула клубтарының қатысушы балалары арасында дзюдодан спорттық жарыс өтті. 

Жарыстың қорытындысы бойынша 1- орынды Алматы қаласы Алмалы ауданының "Барыс" аула клубының қатысушы балалары, 2- орынды Алматы қаласы Жетісу ауданының "Ағайын" аула клубының балалары, ал, 3 –орынды өзара Алматы қаласы Алатау ауданының "Казмис" клубы мен Алматы облысы Іле ауданының "Водник" аула клубының балалары бөлісті. Дарынды жастарымыздың барлығы да ұйымдастырушалардың қолынан естелік сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.  Жалпы, жарысқа 14 команда және 94 бала белсене қатысты. 

Фото -

Н.Ә.Назарбаев: "Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі" деген болатын. Елбасымыз айтқандай, спорт ‒ елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Сондықтан Тәуелсіздіктің 25 жылдық құрметіне осындай денсаулыққа пайдасы зор шараларды өткізудің маңызы зор. 

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен аудандық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы комиссиясы, "Нұр Отан" партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы,  Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры,  Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы,  Алматы қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ, "Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаты" МКҚК.

Фото - Фото -




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!