Ана мен баланы адастырған "и" әрібі

Фотография - Ана мен баланы адастырған "и" әрібі

Балалар үйінің тәрбиеленушісі Марат Бучиев өз анасын 24 жылдан кейін тапты.

736 0

"Қостанай облысында анасы мен баласы 24 жылдан кейін табысты" деп жазады "Қостанай жаңалықтары". 

Балалар үйінің тәрбиеленушісі Марат Бучиев өз анасын 24 жылдан кейін тапты. Сөйтсе, осы уақыт бойы оған аты-жөніндегі «и» әрпі кедергі болып келіпті.

"Ес білгелі Бучиева деген фамилиясы бар әйелді іздеппін — мұндай фамилия құжатымда жазылған екен — бірақ таппадым. 2008 жылы балалар үйінен шықтым, "Тазалық" жол жұмысшысы болдым, көлік жуу мекемесінде, ТЖО-да, жүкші болдым, тіпті моншаға сыпырғы да жасадым. Осы уақыт бойы анамды іздедім. Маған өмірімде Төлегеновтер отбасы көмектесіп келді, олар анамды да тауып берді. Сөйтсек, оның фамилиясы Бучнева екен… Ұйықтар алдында ойланумен боламын, тағдырыма бір әріп қалайша өзгеріс жасай алды екен деп", — дейді Марат Бучиев.

halyknews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!